13 Қаңтар 2013, Nuriya Shaken
0 54

ABC каналы «Звездные войны» сериалын түсіреді

ABC каналы «Звездные войны» сериалын түсіреді
«Звездные войны» бойынша сериал түсіретіні жайлы бұрыннан бері келіссөздер жүргізуде, бірақ жоба тығырыққа тіреліп, соңына дейін жүзеге аспады. Қазіргі таңда ABC каналы «Дедвуд в космосе» сериалы бойынша жұмыс үстінде. 



Продюсер Рик МакКаллум Lucasfilm компаниясынан кеткенге шейін 50 шақты сценарийлерді көріп шығып, олардың барлығы түкке тұрғысыз деп, кейінге қалдырды. МакКаллум сценарий бойынша жұмысқа көптеген адамдарды шақырды, сонымен қатар, «Звездный крейсер „Галактика“» фильмнің сценарийін жазған Рональд Д. Мурды да.
 
Сериалдың ең басты мәселесі - көп көлемдегі спецэффектілер. Спецэффектілердің арқасында сериалдың бюджеті өсе берер еді. "Звездные войны» сериалы "Игра престолов» сериалының бюджетіне сайма-сай болар еді. Бірақ бұнда барлығы басқаша. HBO халықаралық көріністер мен үй видеосынан көп қаржы алатын. 
 
«Звездные войны» сериалының әрбір эпизоды 5 миллион долларға шамалас болар еді. Сонымен қоса, сериалды толықтай Lucasfilm басқарған болатын, ал канал тек өз ақшаның ғана беру керек еді. Бірақ енді Lucasfilm студиясы Disney каналының бір бөлігі болғанда, және ABC каналы екеуіне де ортақ болғанда, сериал басқаша түсірілетін болды. 
 
Қазіргі таңда ABC каналында әйгілі «Мстители» фильмінің желісі бойынша «Щ.И.Т.» сериалы түсіріліп жатыр. 
 
«Дедвуд» сериалы жайлы айтып кетсек, желісі Star Wars 1313 видеоойнына ұқсайды.
Жаңалықпен бөлісу

Пікірлер

Тек тіркелген пайдаланушылар пікірлерін қалдыра алады. Кіруге, өтінемін.


Кинозаврдың блогы
Барлығы түсінікті, хабарламаны алып тастау
Хабарламалар бірнеше секундтан кейін жоқ болады