Disney студиясы атақты «Пираты Карибского моря» франшизасының жалғасын түсіруі жайлы ешқандай да ақпарат түспеген. Бірақ бүгін сценарийді қайта жазуға Джефф Натансон («Поймай меня, если сможешь», «Индиана Джонс и Королевство хрустального черепа», «Терминал») алынғаны туралы белгілі болды.
Variety басылымының пайымдауынша Натансон сценарийге кірісті. Продюсер Джерри Брукхаймердің мәлімдеуінше фильмге атақты Джек Воробейді ойнайтын Джонни Депп қайта оралады. Бірақ келісімшарт актермен әлі жазылмаған. Сонымен қатар, Пираттардың бесінші бөліміне бұрынғы актерлік ұжым - Джеффри Раш пен Кира Найтли қатысатыны әлі белгісіз.
Тек тіркелген пайдаланушылар пікірлерін қалдыра алады. Кіруге, өтінемін.