Жоба жайлы

Церемониядағы
екі екінші орындар Award.kz 2011.

kinozavr.kz — Киномандар мен киноны сүйетін әуесқойлар үшін әлемдік және Қазақстандық киноөнеркәсібі жайлы сайт.

 

Негізгі тұжырымдама

 

1. Киношеберлікті дамыту. Сайттың мақсаты — кино сүйетіндердің барлығын біріктіру: киноөнеркәсіптің қызметкерлері мен музалар, боевиктер мен арт-хаусты сүйетіндер, триллерлер мен мультфильмдердің жанкүйерлері, көрермендер мен актерлер. Мен диалог арқылы адамдарды біріктіргім келеді, барлығымыздың соңғы жаңалықтар бойынша хабардар болуына ықпал етемін,  премьераларды бақылап, жаңа жобалар туралы біліп отырамыз. Рейтингтерге қатысып, рецензияларды жазыңыз және сайтты жақсарту бойынша ойлар мен ұсыныстармен бөлісіңіз.

2. Өмірдің жақсаруы. Кино жайлы сайттардағы ескірген кестеге байланысты маған бірнеше рет жоспарымды өзгертуге тура келді. Сонымен қоса, жиі-жиі фильмдер туралы ақпарат пен трейлерлер туралы басқа порталдардан іздеуге тура келеді. Мен мыңдаған пайдаланушылардың өмірін жеңілдету үшін барлығын бір сайтқа біріктіруге шешім қабылдадым. Күн сайын порталды жақсарту бойынша және жаңа функцияларды өңдеу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Kinozavr.kz әлеуметтік желілермен максималды түрде байланысқан, сондықтан бұл достарды киноға шақыру мен қоғамдастықта байланысуды жеңілдетеді.  

3. Ақпаратты жүйелеу. Барлық ақпарат сайтта ұқсас ақпаратқа өтетіндей етіп, ыңғайлы орналасқан. Керек фильм мен жаңалықты, сіздің қалаңыздағы кинотеатрлар мен кестені көре аласыз. 

4. Тұтастық пен қол жетімділік. kinozavr.kz сайты әр операциялық жүйеде және ғаламтор браузерлерінде бірдей жұмыс істейді. Сонымен қоса, жақында iPhone мен Android-қа арналған бағдарламаларды жүктей аласыз. Бұдан кейін, мен үнемі жаныңызда боламын, афишалар мен жаңалықтарды ұялы телефон арқылы біле аласыз.


Қазіргі жұмыс істейтін функционал:

 

• Сайттың негізгі функционалы Қазақстанның бүкіл қалаларына кинотеатрлар афишасын тарату болып табылады.  
• Кинотеатрлар жайлы толық ақпарат, жол картасы, залдар сызбасы мен танымал фотосуреттер.
• Фильмдердің дерекқоры.
• Бүкіл әлем мен Қазақстандағы киноөнеркәсіптің ең қызықты және соңғы жаңалықтары. 
• Рұқсат берілген пайдаланушылар фильмдер мен кинотеатрлардың жеке таңдамалы тізімін құрай алады. 
• Пікір қалдыруға және фильмдер мен кинотеатрларды таңдаулы тізіміне жіберуге мүмкіндік береді.
• Фильм жайлы ақпарат пен көрсетілімнің уақыты, кинотеатр адресі бар ыңғайлы орналасқан сеанстың бетшесі бар. Бетшені басып шығарып, өзімен бірге алуға және достармен бөлісуге болады.
• Мемлекеттің киноклубтары жайлы ақпарат. 
iOS пен Android-ке арналған бағдарламалар. 
Firefox браузеріне арналған Кинозавр сайтының іздеу плагині 


 Бізді бағалады:

2011 жылдың 17 қарашасында Кинозавр Award.kz интернет-премиясының марапаттау рәсімінде екі екінші орынға ие болды. Бірінші "күміс" "Мәдениет және Өнер" номинациясында болды ("бұл сендерге балалықпен айналысу емес"), және екінші күміс (біз үшін үлкен таңғаларлық жайт болды) "Үздік маркетингілік әлеуеті бар сайт" номинациясында берілген.

Бірақ, бұған қарамастан, сыйлықтарды сөреге салып, сүйсініп қарап отырмаймыз. Бұл тек біздің сәтті бастауымызға ықпал етеді. Ары қарай жылжимыз, алдымызда Кинозавр баспанасында ілгісі келетін әлі көптеген марапаттар бар. Казнеттің ең танымал кино-порталы жайлы әлі көп адам білмейді. ;) 

Естеліктер. Тарихы.

 

Kinozavr.kz жобасы қантардың 2011 жылынан бастап тіршілік етеді. Тестілеу көктемде өткізілген, ал маусымның 15-інде сайт барлық пайдаланушыларға ашық болды.  

kinozavr.kz сайтындағы барлық міндеттер, біріншіден, пайдаланушыларға ыңғайлы болып жасалады. Порталдың интерфейсі түсінікті болып жасалған және "тәжірибе жүргізілетін" достарға тестіленген.

Егер сізге сайтта жарнаманы орнату қызық болса, мына бөлімге өтуге сұраймын.

Тәжірибе жасаған кезде бірде-бір досқа зақым келтірілмеген. :)

Байланыс мағлұматтары

Кинозавр командасы Алматыда орналасқан.
Бізбен кездескіңіз келсе, бізге қоңырау шалып, әлде хат жазыңыз.

Телефон
(+7 727) 396-74-28
Эл. пошта
[email protected]
Барлығы түсінікті, хабарламаны алып тастау
Хабарламалар бірнеше секундтан кейін жоқ болады