Таңғажайып тропикалық теңіздің айналасында, Үлкен риф маңайында Марлин атты сайқымазақ балық өмір сүреді. Ол өзінің жалғыз Немо атты ұлын асырайды. Мұхит пен ондағы бар қауіп-қатерлер Марлиннің үрейін туғызады, сондықтан ол Немоны бұдан мейлінше қорғағысы келеді. Бірақ Немо өте қызыққұмар, құпия мен қауіпке толы риф жайлы көбірек білгісі келеді.
Немо басқа балықтардың қорегі болатын қатерге ұшыраған кезде Марлин ұлын іздестіруге аттанады. Ол ұлын жалғыз таба алмайтынын аңғарып, Дори атты корольдік көк балықтан көмек сұрайды. Доридің ақпарат пен оқиғаларды есте сақтай алмайтындығына қарамастан, бүкіл мұхитта бұндай мейірімді балықты таба алмайсыз!
Сонымен, басты кейіпкерлер қауіп-қатер мен көптеген қиыншылдықтарға толы саяхатқа аттанады...
Керемет мультфильм!!! Себебі, қазіргі шығып жатқан мультфильмдер ішінен балаларды тәрбиелікке, жаксылыққа нышандайтындары аз. Тек әлгі үлкендер түсінетін бос, қиын әзілдер мен оқиғаларға толы. Бұл мультфильмнің еш артық жері жоқ. Бәрі түсінікті, қызықты және байыпты. (Айта кетпесем болмас, менің 5 жасар інім Тілеужан, мультфильм біткенше тыпыр етпеді. Енді үйге өзімен шамалас балалар келсе, баскасын емес осы мультфильмді қойып қайта- қайта көреді.)
Тек тіркелген пайдаланушылар пікірлерін қалдыра алады. Кіруге, өтінемін.
Сайтыңызға арналған фильмнің рейтингі бар информер
Тек тіркелген пайдаланушылар пікірлерін қалдыра алады. Кіруге, өтінемін.