31 Тамыз 2012, Nuriya Shaken
1 82

Күзде бізді хоррор фильмдері мен триллерлер күтуде!

Күзде бізді хоррор фильмдері мен триллерлер күтуде!
Жаз бойы суперкейіпкерлер жайлы баяндайтын «Мстители», «Жаңа Өрмекші-адам» мен "Темный рыцарь: Возрождение легенды" фильмдерін тамашалап, енді күзде бізді көптеген жанды қинататын триллерлер мен хоррор фильмдер күтуде.
 

 
 «Явление» - премьерасы 30 тамызға жоспарланған.
Келли мен Беннің үйлерінде белгісіз, ойға қонбайтын нәрселер өрби бастағанда, олардың үйлерінде университетте парапсихологиялық тәжірибе нәтижесінде пайда болған басқа әлемнің зұлымы бар екенін түсінеді. Зұламат бір нәрсе олардың қорқыныш сезімдерін күшін қалпына келтіру үшін пайдалана бастайды. Енді жас адамдардың сонғы үміті - паранормальды құбылыстарды зерттейтін сарапшының көмегі. Бірақ бәлкім сарапшы оларға көмек бере алмайтын да шығар...
 
«Шкатулка проклятия» –премьерасы 30-ыншы тамызға жоспарланған.
Сюжет Екінші дүниежүзілік соғыстың ардагері «eBay» онлайн дүкенінде сатып алған ағаштан істелінген ескі қобдиша жайлы баяндайды. Бұл қобдишада ойға қонбайтын нәрселерді тудыратын зұламат өмір сүреді.
 
«ЗЛО» - премьерасы 6-ыншы қыркүйекке жоспарланған.
Фильмнің сюжеті мынандай: екі ұрлықшы белігілі бір видеожазбаны табу мақсатында қайтыс болған ер адамның үйіне кіреді. Тиісті таспаны табу мақсатымен, достар бүкіл видеомұрағатты көріп шығады. Көрген таспалардан төбе шаштары тік тұрады. Көріністің шынайылығы соншалық, жамандықтың бәрі қазір болып жатқандай көрінеді. Және алда не күтіп тұрғаны белгісіз.
 
«Коллекционер 2» - премьерасы 13-інші қыркүйек
Біз білетін Аркин зұлым маньяк Коллекционердің қақпанынан құтылып, бұрынғы өмірге қайта оралуға тырысады. Бірақ барлығы ойдағыдай өтпей, маньяк Аркиннің тыныштығына тағы да кедергі келтіреді.
Жаңалықпен бөлісу
Пікірлер
0
))) триллер сүюшілерге, күз - сүйікті жыл мезгіліне айналады))))

Тек тіркелген пайдаланушылар пікірлерін қалдыра алады. Кіруге, өтінемін.


Кинозаврдың блогы
Барлығы түсінікті, хабарламаны алып тастау
Хабарламалар бірнеше секундтан кейін жоқ болады