
Роберт Де Ниро мен Сильвестр Сталлоненің "Реванш" спорттық комедиясына қатысатыны жайлы бұрыннан бері белгілі. Енді "Напряги извилины" фильмінің режиссері Питер Сигал екі керемет актерлерге Ким Бейсингер актрисасын қосқысы келеді.

"Реванш" фильмі мансабының шарықтау кезі өткен екі боксшылардың рингте қайта кездесуі жайлы баяндайды. Боксшылар арасындағы туындаған түсініксіздіктерді реттеу үшін шешуші жарысқа қатысады. Және, әрине, Ким Бейсингердің кейіпкері екі оттың арасында қалып қояды.
"Реванш" спорттық комедиясының сценарийін Тим Келлехер жазған. Бұрында Келлехер "В ярких краских" сериалы бойынша жұмыс істеген болатын.
Роберт Де Ниро мен Сильвестр Сталлоне бұрын "Полицейские" фильмінде бірге түскен болатын. Сонымен қатар, актерлердің екеуі де боксшыларды бұрында ойнаған. Сталлоне бірнеше рет рингке Рокки Бальбоа кейпінде шыққан, ал Де Ниро Скорсезенің "Бешеный бык" фильмінде ойнаған болатын.
Қазіргі кезде Ким Бейсингер кино экрандарында сирек көрінеді. Соңғы ретте актрисаны "Двойная жизнь Чарли Сент-Клауда" дрмасында көрдік.
Қазіргі кезде Ким Бейсингер кино экрандарында сирек көрінеді. Соңғы ретте актрисаны "Двойная жизнь Чарли Сент-Клауда" дрмасында көрдік.
Тек тіркелген пайдаланушылар пікірлерін қалдыра алады. Кіруге, өтінемін.